Ақтөбеде коронавирус жұқтырған 1 адам анықталды

 Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 58 адамға жетті. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Телеграм каналында хабарлады.

Комитеттің 2020 жылғы сағат 20:30-дағы жағдай бойынша таратқан мәліметтеріне қарағанда, коронавирус жұқтырған азамат Ақтөбе облысының тұрғыны. Осылайша, елімізде вирус жұқтырғандар саны 58 адамға жетті. Нұр-Сұлтанда – 31, Алматыда – 23, Қарағандыда – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында 1 жағдай тіркелген.


BAQ.KZ

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2020 г. 251 0