Қазалыда көтерме сауда орны ашылды

Қазалы ауданында «Ажар сити» сауда орталығының көтерме сауда орны ашылды. Көтерме сауда орнын ашудағы негізгі мақсат - аудандағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.

Әйтеке би кентіндегі «Нұршуақ» автобекетінде орналасқан сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жеткілікті. Сауда орны аудан тұрғындарына 50-ге жуық тауар түрлерін ұсынып отыр. Ең маңыздысы аудандағы басқа сауда үйлері мен базарлармен салыстырғанда бағасы 10 пайыздан – 15 пайызға дейін төмен. 

Мәселен, екінші сортты ұнның бағасы 5250 теңгеден басталады. Ал, І сортты «Стандарт» ұны – 6000, І сортты «Ажар» ұны – 3623 (25 кг), 6825 (50 кг), жоғары сортты «Ажар» ұны – 945 (5 кг), 1838 (10 кг), 3825 (25 кг), 7100 (50 кг), І сортты «Адема» ұны – 3754 (25 кг), 7000 (50 кг), жоғары сортты «Адема» ұны – 3938 (25 кг), 76163 (50 кг) теңге. 

Нан бағасы 65 теңге. Күріш пен өсімдік майы да базар нарқынан төмен бағада саудалануда. Бұл жерге картоп, жуа және сәбіз алдағы уақытта әкелінетін болады.

Айта кетейік, «Ажар Сити» сауда орталығы Қызылорда қаласында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларына баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ашылған болатын.


Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 наурыз 2020 г. 247 0