Шиеліде еріктілер бетпердені тегін таратты

Шиелі ауданының ерікті жастарының ұйымдастыруымен, "Тоғжан" тігін цехында және Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің тігін цехында тігіліп жатқан бетперде (маска) арзан бағада алынып, аудан тұрғындарына тегін үлестірілді.
Тегін бетперде орталық базар сатушылары мен қоғамдық көлік жүргізушілеріне және Шиелі ауданының темір жол вокзалына, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға таратылды.
Сондай-ақ, медициналық бетпердемен (маска) қоса, коронавирустың алдын алуға арналған таратпа материалдар таратылды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 наурыз 2020 г. 218 0