Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тіркелді

Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
 24 наурызда сағат 21:40-та Қазақстандағы коронавирус бойынша жағдайға қатысты мәлімет жарияланды.
 «Коронавирус індетін жұқтырған тағы 1 адам Шымкент қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 35 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында -1 адам жалпы 69 науқас тіркелді», делінген хабарламада.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 410 0