Елжан Біртанов коронавирустан емделген бірінші қазақстандықтың ауруханадан қашан шығатынын айтты

Осы аптаның соңында коронавирустан емделген қазақстандықтар ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Белгіленген алгоритмге сәйкес, науқастарға 14 күн бақылау жасаймыз. Ауырған адамдардан сол 14 күннің ішінде бірнеше рет қан сынамасын алып, емдейміз. Кейбір азаматтар жеңіл жағдаймен жатыр, ешқандай симптомдары жоқ. Оларды бақылап, жағдайлары дұрыс болса осы аптаның соңына қарай ауруханадан шығарып, үйлеріне жібереміз. Құдай қаласа емделді, дені сау, жағдайы жақсы деп шығарамыз»,- деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 наурыз 2020 г. 420 0