Судың жайы қалай?

Қазір дала қосында дүбірлі еңбек көрігі көзге түседі. Жер жыртылып, сүдігер айдалуда. Десе де, елдің көңілінде «судың жайы қалай болар екен?» деген алаң бар.
«Арал-Сырдария» бас­сейн­дік су шаруа­шылығы инс­пек­циясының бас­шысы Әділхан Қарлыханов қазір «Шардара» су қоймасы мен «Көк­сарай» су реттегішінде қажетті су мөл­шері жиналып жатқанын жеткізді. Сыйымдылығы  5,2 млрд текше метрді құрайтын «Шардара» су қоймасында бүгінде 4,7 млрд текше метр су болса, «Көксарайда» 1,9 млрд текше метр су бар.
– Қазіргі таңда еліміздің су ресурстары комитетіне су қоймасынан төменгі бөлікке босатылатын су мөлшерін секундына 500 текше метрге дейін арттыру жөнінде ұсыныс жолданды. Жалпы, биыл су жағдайы қалай болатыны жөнінде тап басып айту қиын. Сондықтан елдегі ағайын барынша суды аз қажет ететін дақылдарға көңіл бөлсе дейміз. Әртараптандыру мәселесі естен шығарылмауы тиіс, – деді инспекция басшысы.
Сыр өңірінде күріш егісі 25 сәуірде басталып, оның көлемі 88 мың гектардан асады деген жоспар бар.

«СБ» ақпарат.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 наурыз 2020 г. 143 0