4-қазанда \»Қайсар\» \»Ордабасымен\» ойнайды

32

0

4-қазанда "Қайсар" "Ордабасымен" ойнайдыҚазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында қазанның 4-і (сенбі) өтетін «Қайсар» – «Ордабасы» кездесуінің уақыты белгіленді. Сенбі күні өтетін негізгі құрам арасындағы ойын Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда сағат 16:00-де басталады. Сондай-ақ, Кәсіпқой футбол лигасының аясында жұма күні (27.10.14) «Локомотив» стадионында өтетін қосалқы құрам арасындағы кездесу де 16:00-ге белгіленген.

Сондай-ақ, аталмыш ойындарды «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы да трансляциялайтынын естеріңізге саламыз.

Естеріңізге сала кетейік, 28-қыркүйек күні «Қайсар» өз алаңында «Астананы» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз