4 баланың аман қалуына себепші болған құрылысшы

59

0

4 баланың аман қалуына себепші болған құрылысшы1 желтоқсан күні халқымыз Тұңғыш Президент күнін мерекелеп жүрген шақта Қызылорда қаласының үстінен өтетін Сырдария өзенінің бетіне мұз толық қатпағанына қарамастан, қаладағы орта мектептің төменгі сыныбында оқитын төрт оқушысы, ата-ана мен үлкендердің бақылауынан тыс қалып, өзеннің ортасына дейін мұз бетіне сырғанақ тебуге шығып кеткен.

Балалардың мұз бетінде ойнап жүргенін алыстан байқап қалған «Құрылысшы М» ЖШС мекемесінің құрылысшысы Бағдат Жүнісбеков көп қабатты үй құрылысын жүргізіп жатқан жұмысына қарамастан, дер кезінде көріп қалып, өз ойына төтенше жағдайлар қызметінің телефоны түсіп «112» телефонына хабар берген. Департамент кезекшісі өз тарапынан хабарды Суда құтқару қызметіне жеткізген.

Түскен дабыл бойынша суда құтқару қызметінің стансасының үш құтқарушысы автотехника арқылы дер кезінде оқиға орын алған жерге жетіп, мұз бетінде ойнап жүрген төрт оқушыны мұзда құтқару тәсілдерін қолдану арқылы жиекке шығарып, мектептегі тәрбие жетекшілеріне табыстады.

Жақында «Құрылысшы М» ЖШС құрылысшысы Бағдат Жүнісбековті Суда құтқару стансасына шақырып, жеке құрам алдында Қызылорда қаласы ТЖД бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі С.Өмірзақовтың төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады. Бұл туралы облыстық ТЖД «Суда құтқару» ММ баспасөз қызметі хабарлады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз