
Облыста ҰБТ маусым айының 20, 21, 22-сі күндері өтеді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, бүгін Қызылорда қаласы, Жаңақорған және Қармақшы аудандарында 4 тестілеу пунктінде талапкерлер сыннан өтуде. Тестілеудің алғашқы күні 6196 мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ тапсыруға ниет білдірген 4194-інен 1603 бала сыннан өтуде.
ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі ретінде қалады.
Тестілеу кезеңінде ЖОО-на ниетті бітірушілер 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған.
Тестілеу уақыты 3 сағат 50 минутты құрайды. Шекті балл 50 өзгеріссіз қалды.
Тесттілеу пункттерінде ата-аналар мен бақылаушылар үшін аранайы LED экраны орнатылған.
https://youtu.be/te7O-mEvjRg сілтемесі арқылы Ютуб видеохостингі арқылы тікелей эфирде көре аласыздар.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!