45 млрд теңге салық жиналды

47

0

45 млрд теңге салық жиналдыҚызылордада бюджетке түскен салық түсімі жыл басында жасалған болжамдардан біршама артты, деп хабарлайды BNews.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Биылғы жылғы жеті айдың нәтижесі бойынша, мемлекеттік бюджетке 44 млрд 687 млн теңге салық пен басқа міндетті төлемдер түсті. Бұл болжаммен салыстырғанда 142,4% құрайды. Сондай-ақ, республикалық бюджетке 6 467,6 млн теңге, ал жергілікті бюджетке 38 219,5 млн теңге түсті.
Облыс бойынша негізгі капиталға құйылған инвестициялар 137,5 млрд теңгені құрады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз