463000 теңгенің орнына 79280 теңге

92

0

Қиындыққа тап болған қызылордалық кәсіпкер «Ракурс
және К» ЖШС-нің директоры Ғалымжан Жалғасбаев облыстық кәсіпкерлер палатасынан
құқықтық көмек сұрап келді.   
 Кәсіпкер
2014 жылы Қытайдан медициналық техника алдырады. Аталмыш құрал-жабдықтың
Қазақстанда рұқсаты болмағандықтан Ғалымжан Жалғасбаев тауарды  тіркету үшін Алматы қаласы бойынша дәрілік
заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау
ұлттық орталығына тиісті құжаттарын өткізеді. Жалпы тауарды уақытша сақтау
мерзімі кеден заңнамасына сәйкес 4 айдан аспауы және заңға сәйкес осы аралықта
тауар иесі кедендік баждар мен салықтарды төлеуі тиіс. 
Алайда тіркеу жұмыстарының уақыт
алуына байланысты белгіленген мерзім өтіп кетіп, Алматы қаласы бойынша кірістер
департаменті кәсіпкерге 250 АЕК (463000 тг) көлемінде әкімшілік айыппұл салу
туралы қаулы қабылдайды.
Осы ретте, Ғалымжан Жақсылықов
Кәсіпкерлер палатасынан құқықтық кеңес беріп, бұл мәселеге қатысты көмек
көрсетуін сұраған болатын.
Кәсіпкерлер палатасы
қызметкерлерінің құқықтық көмегінің нәтижесінде кәсіпкердің мәселесі қайта
қаралып, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»
Кодексінің жаңа редакциясына сәйкес кәсіпкер 463 000 теңге айыппұлдың
орнына 79280 теңге төлейтін болды.
Жақында Палатаға «Ракурс және К»
ЖШС-нің директоры Ғалымжан Жалғасбаевтан хат келді. Хатта: «Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұжымына кедендік баж
салығын төлеуге қатысты мәселенің оң шешілуіне көмектескені үшін алғысымды
айтқым келеді. Қызметкерлердің біліктілігінің нәтижесінде салынған  айыппұлдың көлемі 463 000 теңгеден 79280
теңгеге дейін төмендетілді», – делінген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз