5 тәулікке қамалды

51

0

5 тәулікке қамалдыЖол патрульдік полиция испекторлары беймезгіл уақытта жүрген құқық бұзушы А.-ның басқаруындағы автокөлігін тоқтатып, тексереді. Сақшылар тінту кезінде автокөліктің артқы салонының оң жақ полигінің астынан ақ қағазға оралған жасыл түсті 0,91 грамм кептірілген марихуана есірткі затын тауып алады.
Яғни, құқық бұзушы А. қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз түрде сақтап, тасымалдап Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 320-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот отырысында құқық бұзушы А. өз кінәсін толық мойындап есірткіні тауып алғанын, өзі пайдалану үшін алып жүргенін айтып, өкініш білдірді.
Құқық бұзушы А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп табылып,  5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз