5200 қызылордалық түлек мемлекет есебінен оқуын жалғастырады

36

0

5200 қызылордалық түлек мемлекет есебінен оқуын жалғастырадыРесей Үкіметінің білім гранттары негізінде биыл Мәскеу және Санкт-Петербургтің маңдайалды оқу орындарында 500 сырбойылық жастың білім алуына жағдай жасалды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев жастармен кездесуде айтты. 
Биыл мектеп бітірген 6564 түлектің 4559-ы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірген. Аймақ басшысы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысып, оқуды жалғастыруға ниетті балалар 100 пайыз жоғары және орта арнаулы оқу орындарына қабылданатынын жеткізді.  
– Биыл мектепті аяқтап, ҰБТ-ға қатыспаған 2 мыңға тарта бала бар, осы жастар 100 пайыз тізімге алынып, әр қайсысының жағдайы мен жоспары жеке қаралуы тиіс. Барлығы да оқумен, бірінші мамандық алу мүмкіндігімен қамтылады. Оған толық мүмкіндік бар, – деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев. 
Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік гранттары, «Серпін” бағдарламасы, Мәскеу мен Санк-Петербургтің маңдайалды оқу орындарына жол ашқан Ресей үкіметінің оқу гранттары, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға арналған облыс әкімінің оқу гранттары бар. Биыл бұл гранттар 135 орынға көбейіп, 500-ге жетті. Сонымен қатар, осы жылы облыстағы орта және арнаулы кәсіби оқу орындарына арналған мемлекеттік тапсырыс 300 орынға көбейген. Осылайша облыс есебінен жыл сайын бірінші мамандықты тегін алатын бала саны 3 мыңнан асты. Барлығын қоса есептегенде, 5200-ден аса қызылордалық жастың жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарында мемлекеттік грант есебінен оқуға мүмкіндік алмақ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз