6 елді мекеннің ауызсу жүйесі қайта жаңғыртылады

36

0

6 елді мекеннің ауызсу жүйесі қайта жаңғыртыладыАрал ауданының құрылыс саласында биыл 2,4 млрд теңгенің 11 жобасы іске асырылатын болады. Бұл туралы аудан әкімі М.Оразбаев тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде мәлімдеді, – деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметінен. 
Оның ішінде, аудандық орталық аурухананың, Сексеуіл кентінде спорттық сауықтыру кешенінің, Арал қаласындағы 300 орындық №14 мектеп-лицейдің құрылыстары басталады. Сондай-ақ, 6 елді мекеннің – Конту, Бөген, Шижаға, Аманөткел, Аралқұм, Қамыстыбас елді мекендерінің ауызсу жүйелері қайта жаңғыртудан  өтеді.
– Жол  жөндеу саласында 926,2 млн. теңгенің 3 жобасы іске асырылатын болады. Оның  ішінде аудандық  маңызы  бар  Сазды, Райым-Водокачка  елді мекендеріне кіре беріс автомобиль жолдарын жаңадан салу, Қызылжар  елді  мекеніне кіре  беріс жолын  күрделі  жөндеу жобасының екінші кезеңін  іске  асыру көзделуде, – деді М.Оразбаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз