6 ұлттық компанияның акциялары IPO арқылы сатылады

61

0

6 ұлттық компанияның акциялары IPO арқылы сатылады2020 жылға дейін 6 ұлттық компанияның акциялары IPO арқылы сатылады.
Алдымен Air Astana мен «Қазатомөнеркәсіп» сатылымға шығарылады. Екінші кезеңде «ҚазМұнайГаз» бен «Самрұқ-Энерго», ал соңында «Қазпошта» және «Қазақстан Темiр жолы» компанияларының акциялары саудаланады. «Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, ресурстық сектордағы кәсіпорындардың сатылымға шығарылатын акциялары 25%-дан аспауы тиіс. Яғни бақылау пакеті ұлттық әл-ауқат қорының меншігінде болады. Ал басқа салаға бағытталған компаниялардың бақылау пакеті сатылуы мүмкін. Акцияларды ел азаматтарымен қатар шетелдіктер де сатып ала алады.
«Акцияларды орналастыру алаңы әзірге анықталған жоқ. Бірақ қор «Астана» халықаралық қаржы орталығына басымдық беріп отыр. Ал акциялардың бағасын нарық анықтайтын болады. Яғни компаниялардың дайындығы мен шикізат ресурстарының құнына байланысты. Үнемі IPO кезінде компанияның қаржылық жағдайы, оның даму келешегі жөнінде ашық айтылады. Сатылымға шығарылатын кәсіпорындар жөнінде есеп жүргізіліп отырады», – дейді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры, басқарма мүшесі Берік Бейсенғалиев.

Дереккөз: Хабар24

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз