6 ПӘТЕРДІ ТОНАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫ

44

0

6 ПӘТЕРДІ ТОНАҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫҚТАЛДЫПәтер ұрлықтары қылмыстарының бетін ашу, кінәлі азаматтарды қылмыстық
жауапкершілікке тарту мақсатында жүргізген жедел-іздестіру шаралары
барысында қызылордалық полицейлер 6 мәрте пәтер тонап, қала тұрғындарына
ірі көлемде шығын келтірген 2 адамнан тұратын қылмыстық топты
құрықтады. Бұл туралы ОІІД баспасөз қызметі хабарлады.
    Ұсталған қылмыстық топ мүшелерінің, яғни 1990 жылы және 1995 жылы
туған азаматтардың қылмыстық іс-әрекеттері толығымен дәлелденіп, айғақ
заттары алынды. Тергеу жұмыстары барысында олардың қатысуымен
төмендегідей қылмыстар орын алғандығы белгілі болды.
    Атап айтқанда, жоғарыда аталған азаматтар 2015 жылдың 10 шілдесінде
сағат 08.30-15.00 аралығында Қызылорда қаласы тұрғынының үй-жайына
екінші қабатта орналасқан бөлменің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмеде
тұрған изумруд тастары бар 1 бриллиант алқасын, 1 дана меруерт
бриллиантын, гауһар тастары бар 1 білезігін, бриллиант тастары бар 1
комплект бұйымдарын, 2 алтын алқасын, 1 дана сапфир тастары бар
бриллиант алқасын ұрлап кеткен. Шығынның жалпы сомасы 3 959300 теңгені
құрап отыр.
    Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 23 қазанында Қызылорда қаласының
тұрғыны таңертеңгі уақыт шамасында белгісіз біреудің үйіне заңсыз кіріп,
жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен 1600000 теңге ақшасын ұрлап кеткендігі
жөнінде арызданған.
    Дәл осындай дерек 2015 жылдың 30 қазанында сағат 10.00-13.00
шамасында орын алған. Қызылорда қаласының тұрғыны, зейнеткер белгісіз
біреулердің үйде ешкім жоқтығын пайдаланып, үйдің терезесі арқылы кіріп,
шкаф ішінде тұрған алтын бұйымдарын, 2 алтын сақинасын, алтын сағатын,
алтын алқасын, алтын неке жүзігін ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған
болатын. Шығынның жалпы сомасы 160000 теңгені құрап отыр.
    2015 жылдың 2 наурызында облыс орталығының тұрғыны түскі сағат
14.00-16.30 аралығында белгісіз біреу үйіне ас бөлмесінің терезесі
арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі шкафтан 99000 теңге ақшасын, 76000
теңге тұратын алтын білезігін, 25000 теңге тұратын алтын сырғасын, 50000
теңге тұратын алтын сырғасын, 16000 теңге тұратын «Самсунг» маркалы
планшетін ұрлап кетіп, 266000 теңге көлемінде шығын келтіргендігі
жөнінде арызданған болатын.
    2015 жылғы 19 қыркүйекте ПМК-70 мөлтек ауданының тұрғыны таңғы
сағат 07.30-11.30 аралығында белгісіз біреулер үйінің есік құлпын бұзып
кіріп, жатын бөлмесіндегі сандықшадан 115000 теңге ақшасы мен құны 30000
теңге тұратын алтын сақинасын, 25000 теңге тұратын күміс комплектісін
ұрлап кетіп, жалпы сомасы 170 000 теңге тұратын залал келтіргендігі
жөнінде арызданған болатын.
    Дәл осындай дерек 2015 жылдың 28 қарашасы, сағат 07.30-14.30
шамасында орын алған. Тұмар өткел көшесінің тұрғыны белгісіз біреулердің
үйінің терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі шкаф ішінен 110000
теңге ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған.
Шығынның жалпы сомасы 300000 теңгені құрап отыр.
    Орын алған қылмыстар бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы,
2,3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру
амалдары жүргізілуде. Екі күдікті азамат та Қызылорда ҚІІБ-нің уақытша
ұстау изоляторына қамауға алынып, күдіктілердің басқа да қылмыстарға
қатыстылығын анықтау мақсатында тиісті жұмыстар жасалуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз