6% сыйақымен 18 млн теңге несие алды

67

0

Бастауыш кәсіпкер Құрмантаева Ұлмекен Қызылорда қаласының тұрғындарымен және қала қонақтарына сапалы қызмет көрсететін шағын әрі жайлы қонақүй ашуды армандап келді. Жоспарының жүзеге асырылу жолдары туралы ақпарат алу мақсатында кәсіпкер «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шарттары туралы естіді. КҚКО кеңесшісі Гүлжан Ақатаева бағдарламаның шарттарымен таныстырып қана қоймай, кәсіпкер жобасын қаржыландыруға дейін Екінші деңгейлі банкке сүйемелдеу қызметін көрсетті. Нәтижесінде Қызылорда қаласындағы «АТФ Банк» АҚ филиалы жеке кәсіпкер Ұлмекен Құрмантаеваның жобасын мақұлдап, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 6% сыйақымен 18 млн. теңге несие қаражатын бөлді.

«Мен жаңа бағдарламамен жеңілдетілген несие алғаныма қуаныштымын. Несие қаражатына 20 орындық шағын қонақ үйді ашып, қонақтарға таңғы ас, тегін Wi-Fi қызметі мен автотұрақ қарастырылған қызметтерді ұсынуды көздеп отырмын. Жобамның сәтті жүзеге асуы нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылады. Қазіргі таңда мемлекетіміз тарапынанбастауыш кәсіпкерлердің стартап жобаларынакөрсетіп жатқан қолдауына ризашылығымды білдіремін», – дейді жеке кәсіпкер Ұлмекен Құрмантаева.

Еске сала өтсек, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында бизнесті бастау немесе оны дамыту мақсатында Қызылорда облысы бойынша келесі Екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеуге болады: «Сбербанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «АТФ Банк» АҚ. Бағдарламаға жұмыссыз, бастауыш және әрекет етуші кәсіпкерлер қатыса алады. Қаржыландыру бағыты -сауда саласының айналым қаражатын толтырудан басқа кез келген бизнес түріне беріледі. Несие бойынша сыйақы мөлшері 6 пайыз ғана.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша толық ақпарат алу үшін немесе өзге де кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бағдарламалар бойынша кеңесті «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан келіп білуге немесе 55-11-18 телефоны бойынша кеңес алуға болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз