7-9 қыркүйек күндері ауа райы қандай болады?

54

0

«Қазгидромет» РМК 7-9 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«5 қыркүйекте ел солтүстігінің шеткі аудандарында күн салқын болады, ал қалған территорияда ауа температурасы 30…38 градусқа дейін жетеді. Жақын күндері циклонның әсерінен республика аумағында жер-жерде жауын-шашын, найзағай, желдің күшеюі және күннің суытуы күтіледі», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, елдің солтүстігінде, орталығында, ал 8 қыркүйекте батыс облыстарында күндізгі температура 13…23 градустан жоғары болады. Найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады және ыстықтың әлсіреуі республиканың оңтүстік-батыс және батысында күтіледі. Тек Қазақстанның оңтүстігінде күн ыстық болады. Күндіз термометрдің бағанасы 30…39 градусты көрсетеді, алайда 9 қыркүйекте мұнда жаңбыр жаууы мүмкін.

 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз