
Авторлық құқықты қорғау мақсатында 9 дерек бойынша тексеріс жүргізіліп, оның алтауына әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Қызылорда облысы Әділет департаментінің басшысы Балайым Кесебаева облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте айтты.
Департаменттің мәліметіне сәйкес, өткен жылы сотпен әкімшілік жауапкершілікке 18 адам тартылған. «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы насихаттау мақсатында жыл ішінде біз 1000-нан астам іс-шаралар өткіздік. Бұл семинарлар, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар, жарнама және бұқаралық ақпарат құралдары және мәдениет өкілдерімен ашық есік күні, кездесулер болды», – дейді Б.Кесебаева.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!