72-атқыштар дивизиясының туы Қызылордаға жеткізілді

50

0

72-атқыштар дивизиясының туы Қызылордаға жеткізілдіАтақты 72-атқыштар дивизиясының жауынгерлік туының көшірмесі Қарағандыдан Қызылордаға жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.

Аталған дивизия 1941 жылдың аяғында Ақмола облысында құрылып, майданға аттанған. Әскери құрама сұрапыл соғыс жылдары Сталинград Курск шайқасына қатысып, Украина, Молдавия, Румыния, Венгрия, Австрия, Чехословакия жерімен жүріп өтіп, Жеңіс күнін Прагада қарсы алған. Дивизияның 31 жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанды. «Біз – Жеңістің ұрпағымыз» атты республикалық шараның аясында жауынгерлік ту қаладағы барлық оқу орнында жастарға таныстырылып, 11 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысына жол тартады. Тудың жеткізілуіне орай салтанатты шара өтіп, оған әскери бөлімдердің сарбаздары, студенттер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлері қатысты.

– Жауынгерлік ту ұландарға рух береді. Балаларымызды сарбаздардың тәжірибесімен, солардың рухымен тәрбиелеуіміз керек,- дейді соғыс ардагері Танеш Оразов.

ҚР Ұлттық ұланы 55/47 әскери бөлімінің командирі Мақсат Қырғызбаевтың айтуынша, бұл өткізіп жатқан іс-шара Ұлттық ұланның әскерлерімен ұйымдастырылып, биыл 70 жыл толатын Жеңіс мерекесіне орайластырылды. Мақсат – сол кездегі қазақстандық жауынгерлердің соғыста көрсеткен ерліктерін, батырлықтарын еске түсіріп, қазіргі жастардың патриоттық сезімін оятып, солардың ерліктерін дәріптеу.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз