
Бұдан өзге, шаруашылықтардың өз қаржылары есебінен ет бағытындағы асыл тұқымды «Қазақтың ақбас» сиыры тұқымының 100 бас қашары мен 20 бас бұқасы әкелінді. Ал «ҚазАгроӨнім» АҚ-на еншілес «KazMeat» ЖШС-нен 37 млн. теңге несие алынып, 210 бас тауарлы сиыр және 7 бас асыл тұқымды бұқа сатып алынған. Жыл соңына дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1700 бас мүйізді ірі қара сатып алу жоспарлануда.
Жалпы, бүгінгі күні 25 шаруашылық 200,9 млн. теңге несие алып, 1198 бас сиыр және 48 бас асыл тұқымды ет бағытындағы бұқа алуға қол жеткізген. Демек, жарты жылдың ішінде жылдық жоспар 84,2 пайызға орындалды деген сөз.