776 қызылордалық баспаналы болды

48

0

776 қызылордалық баспаналы болдыБүгін Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 776 отбасына пәтер кілтін табыс етті. 

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда қаласында соңғы 4 жылда 1460 пәтер пайдалануға берілсе,
биылдың өзінде 2600 отбасы қоныс тойын тойлайды. Осыдан-ақ, Сырдың бас
қаласындағы құрылыстың қарқынды жүргізіліп жатқанын аңғару қиын емес.

– Елдің ертеңі үшін қызмет жасап жатқан мұғалімдер, дәрігерлер
секілді жас мамандар пәтерден пәтерге көшіп, қиыншылық көрмеуі керек.
Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, баспанамен қамтылуда.
Бұл Елбасының қамқорлығының арқасы. Тәуелсіздіктің негізін қалап,
Сарыарқа төрінен Астана салған Ұлт Көшбасшысының елі үшін жасап жатқан
ерен еңбегі. Ендеше мереке құтты болсын. Еліміз, Елбасымыз аман болсын!»
– деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Өз кезегінде тұрғындарда жайлы баспанаға қол жеткізген тұрғындар
алғыстарын айтып, қазақы дәстүрмен шашу шашып, жаңа қоныстарына кірді.

Айта кетейік, бұл үйлер «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ,
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы АҚ мен мемлекеттік
және жекеменшік әріптестік аясында салынды.

Дәл осы күні облыс орталығында «Тарлан» бокс орталығы да салтанатты
түрде ашылды. Спорт кешенінде жаттығу жұмыстарын соңғы үлгідегі
жабдықтармен жасауға жағдай жасалған. Сонымен қатар мұнда 25 адамға
арналған жатақхана, шағын футбол алаңы, 3 жолақты жүгіру жолы, бокс,
таэквондо, күрес түрлері және үстел теннисіне арналған жаттығу залдары
да бар.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз