8 жасар қыз балаға азғындық жасаған

30

0

8 жасар қыз балаға азғындық жасаған 8 жасар қыз балаға қатысты азғындық әрекеттер жасағаны үшін Қызылорда облысының тұрғынына сот үкімі шықты.

«Арал аудандық сотының 14 шілде 2015 жылғы үкімімен азамат Ж. көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының ҚК-нің 124 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды» деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметінен.

Сотталушы Ж. сот үкімімен ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылды. Атап айтқанда, ол 2015 жылы 30 мамырда азаматша Ж-ның үйіне көршісі Т-ның үйінде болатын құдайы асқа шақыра барып, сол үйдің кәмелетке толмаған қызы 2007 жылы туылған Б-ның үйде жалғыз екенін және оның дәрменсіз күйін пайдаланып, көрінеу жас балаға қатысты азғындық әрекеттер жасаған.

Сотта сотталушының қылмыстық әрекеті, оның өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз