84 947 гектар жерді азиялық шегіртке жайпап кетуі қаупі бар

114

0

84 947 гектар жерді азиялық шегіртке жайпап кетуі қаупі барАуыл шаруашылығы дақылдарының басты жауы – шегіртке. Ал оның таралуын болдырмау үшін агротехникалық және фитосанитариялық күрес іс-шаралары уақтылы жүргізілуі тиіс.
Осыған байланысты Сыр өңірінде фитосанитариялық іс-шараларды деп кезінде, сапалы жүргізу үшін жұмыс тобы құрылып, жұмыстар басталып кетті.     Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының аумақтық инспекция басшысының орынбасары Жаннат Дүзелбаева мәлім етті,деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.    
«Жұмыс тобының бірінші отырысы өткізіліп, барлық аудан және қала әкімдеріне шегірткеге қарсы тиісті жұмыстарды уақтылы әрі сапалы ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар беріліп, тиісті шаралар атқарылуда»,- дейді Жаннат Дүзелбаева.     Сала мамандарының айтуынша, облыс бойынша биыл 68 378 гектар жер италиялық прус шегірткесін болдырмау мақсатында өңделеді. Ал ерекше қауіпті азиялық шегіртке жайлауы мүмкін деген аймақ 84 947 гектар болып отыр. Бұл аумақ та химиялық өңдеуден өтеді. Өңдеу жұмыстарын 27 мамырдан 30 маусымға дейін жүргізу межеленуде.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз