Ақ күріштің отаны- Қызылорда!

316

0

Ақ күріштің отаны- Қызылорда! 
 
 
Шұғылалы күн сүйген орақтары,

Күз береке, қырманға жол аттады.

Қызу майдан көркіне дүбірлеген,

Үн қосты ақ күріштің сабақтары.

Қырман-дала, үйілген берекеге,

Айналды егін даласы мерекеге.

Алтын дәннен мұнара күмбездеген,

Алтын арай күн кірген бұл өлкеге.

Сыр маржаны ақ күріш-жарқын аймақ,

Сабағында алтын дән толқын ойнап.

Ризықты күз ұсынып өз сыйлығын,

Сыр салысы көтерді даңқын аймақ.

Күміс күнмен сырласып, күміс белі,

Самал желмен тербелген күріштері.

Ақ күріштің отаны- Қызылорда,

Өзіңсің күріш кені, ырыс кені!

Гауһар Қожахметова.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз