Ақ сауытты Айдарбек батырдың еңселі ескерткіші орнатылды

81

0

Ақ сауытты Айдарбек батырдың еңселі ескерткіші орнатылдыҚазақ хандығының 550 жылдығына орай ХVІ-ХVІІ ғасырларда Арал, Қазалы
өңірлерінде өмір кешіп, Жоңғар, Қоқан, Хиуа басқыншыларына қарсы
ұлт-азаттығы жолында күрескен Ақ сауытты Айдарбек батырды ұлықтау
мақсатында баба ұрпақтарының бастамасымен, «Айдарбек – баба» қоғамдық
қорының қолдауымен Қазалы ауданындағы жерленген қабірінің басына 2014
жылы зәулім кесене тұрғызылған еді.

Ал биыл Арал қаласына кіреберіс
жолда жас ұрпақтың бойына отаншылдық, елдік рухты сіңіретін, тағзым
ететін батыр бабаның еңселі ескерткіші орнатылды. Енді алдағы 23-26
қыркүйек күндері аталған ескерткіштің ашылуы мен баба рухына ас беру
рәсімі өтеді.

Сондай-ақ белгілі әншілер, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғанипа Садықова, термеші Аманқос
Садықов, Төреғали Төреәлі және басқалардың қатысуымен орталық алаңда
гала-концерт өтеді.

25 қыркүйекте сағат 16.00-де аудандық
мәдениет үйінде «Жыр арқауы – Айдарбек батыр» атты облыстық жас ақындар
мүшәйрасы ұйымдастырылады. 26 қыркүйек, сағат 10.00-де Айдарбек баба
ескерткішінің ашылу салтанаты өтеді. Мұнан соң «Сайқұдық» ипподромында
баба рухына бағышталып ас беріледі.

Мерекелік шара барысында
аламан, құнан бәйге болады. Бас бәйгеге жеңіл автокөлік және
ақшалай-заттай сыйлықтар тігіледі, деп хабарлайды Қазалы ауданы әкімінің
баспасөз қызметінен.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз