«Аға сеньорлар»-ға құжат қабылдануда

56

0

«Аға сеньорлар»-ға құжат қабылдануда«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай Бағдарламасы аясында Қызылорда облысының кәсіпкерлер Палатасы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында және облыстың аудандық орталықтарының Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында  «Аға сеньорлар» компонентіне құжаттар қабылдау жүргізіліп жатқандығын хабарлайды.
«Аға сеньорлар» компоненті қатысушыларға басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша тікелей өндірісте кеңес беру үшін  нәтижелі жұмыс тәжірибесі бар жоғары білікті шетел мамандарын тартуға бағытталған  
«Басқарудың жаңа әдістерін енгізу, өндіріс технологиялары, құрал-жабдықтар мен персоналды оқыту мәселелері бойынша жоғары білікті шетел мамандарын тарту (аға сеньорлар)» компонентін жүзеге асыру шартттары:
1. Компонентке Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында өз қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады;
2. «Аға сеньорлар» компоненті бойынша шетелдік сарапшыларды тарту бойынша шығындар республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады;
3. Шетелдік сарапшылардың ұшақпен келу және қызметтеріне ақы төлеу шығындары республикалық бюджет есебінен өтеледі;
4. Сарапшының Қазақстанда болуымен байланысты шығындарын, атап айтқанда, жүріп-тұруы, тұрғын үй жалдауы, тәуліктік ақылары, аудармашы қызметтері шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жеке есептерінен жүзеге асырылады.
Сұрақтар бойынша Палатаға және облыстың барлық аудандарында орналасқан Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына хабарласа аласыз. 
Анықтама үшін телефон: 40-08-74, 40-02-02
Сall-Center – 1432.

Қызылорда облысы 
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз