
«Қазіргі таңда өзі құрған жеке кәсіпкерлігінде күндіз-түні тыным таппай еңбек етіп, аудан тұрғындарының тапсырыстарына сай түрлі ағаш бұйымдарын жасап беріп, алғысқа кенелеп жүрген азамат» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. Оның алтын қолынан шыққан заманауи үлгідегі есік, терезе, үстелдер мен орындықтар және тағы басқа үй жиһаздары аудан тұрғындары үйлерінің көркіне әр беріп тұр десек те артық болмайды.
– Мемлекет тарапынан беріліп жатқан несиелерден өз үлесімді алып, алдағы уақытта кәсіпкерлігімді кеңейтіп, заман талабына сай аудан тұрғындарына қызмет етуді мақсат етудемін. Сондай-ақ, менің алға қойған енді бір мақсатым туған халқымның жарқын өмір сүруіне, егеменді еліміздің экономикасының қарыштап дамуына үлесімді қосу болып табылады. Әрине, бұл тек менің ғана емес, әрбір қазақстандық азаматтың арманы мен парызы деп білемін,-дейді кәсіпкер Әмит Елубаев.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!