Аақылы жолдарда жүру құны қашан өсетіні айтылды

49

0

Аақылы жолдарда жүру құны қашан өсетіні айтылдыҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ақылы жолдарда жүру құнын өсіру мәселесі қашан талқыланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  
«Бірнеше жылдан бері Астана мен Бурабай аралығындағы жолда ақылы жүйе қызмет етіп келеді. Өзіңіз атап өткендей, осы жолмен жүру құны да өзгеріске ұшыраған жоқ. Дегенмен де болашақта ақылы жолдың құнын көтеру жоспарларыңызда бар ма?» – деп сұрады Жексенбай Дүйсебаев Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында.
Өз кезегінде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 4-5 жылдан бері «Астана-Бурабай» жолында жүру құны өзгермегенін айта келе, оның жеңіл көліктерге шақырымына 1 теңге, ал жүк көліктеріне 6-8 теңгеге дейін жететінін атап өтті.
«Алдағы 1-2 жылда бағаны көтеру жоспарымызда жоқ. Бірақ болашақта жолда жүру ақысын көтеру керек деп санаймыз. Себебі, құрылыс материалдарының бағасы өсіп жатқаны белгілі. Сонымен қатар жолды күтіп ұстау жанар-жағармай көп көлемде қажеттілік етеді. Осы орайда отын бағасы өсіп жатыр. Сондықтан қазір емес, алайда 2-3 жылдан кейін осы мәселені қайта талқылауға саламыз деп ойлаймыз»,- деді министр.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз