АҚБАЙДЫҢ ЕГІНІ ЖЕМІСІН БЕРУДЕ

37

0

 

АҚБАЙДЫҢ ЕГІНІ ЖЕМІСІН БЕРУДЕАуыл шаруашылығы саласын ауқымды түрде жаңғыртудың стратегиялық бағыты
азық-түлік нарығында көшбасшы болып, өндірісті алға жылжыту өнімнің экологиялық
мінсіздігіне қол жеткізу міндетімен тікелей байланысты. Осыған орай,
субсидиялау арқылы егілген Ақирек ауылдық округі, Ақбай елді мекеніндегі
алқаптарда алғашқы дақылдар жемісін беруде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің
дерегі бойынша, Ақбай ауылы бойынша жеке тұрғын үй аулаларында жалпы көлемі 156,1
га егіс егілді. Атап айтқанда, қауын 74 га, қарбыз 15,5 га, асқабақ 42,1 га,
картоп 13,5 га және 11 га жоңышқа егілді. Бақша өнімдеріне 2015 жылға 11
шаңырақ қайтарымсыз қаржылай көмек (субсидия) алды. Субцидия алған шаруа
қожалықтардың жалпы егістік жер көлемі 54,0 га оның ішінде бақшалық жер 43,0 га
жоңышқалық жер 11га құрады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз