«Абайлаңыз, балалар» шарасы өткізілуде

63

0

 «Абайлаңыз, балалар» шарасы өткізілудеБалалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қызылордалық тәртіп сақшылары «Абайлаңыз – балалар!» акциясын жүргізуде. 
Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметінің хабарлауынша, балалардың қатысуымен орын алатын жол көлік оқиғалары әсіресе жазғы демалыс кездерінде көбейе түседі. Жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің бейқамдығының, көлікті жылдамдықты асыра басқаратын жүргізушілердің жолға кенеттен баланың жүгіріп шығатынын ескермеу салдарынан да орын алуда.       
Жазғы демалыс қарсаңында жасөспірімдер мен балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз мінез-құлыққа байланысты дағдыларын нығайту, тұрақты тұратын және оқу орнында көлік ортасына бейімделуі мақсатында өткізілген аталмыш шара барысында мемлекеттік «Жұлдыз» балабақшасында Қызылорда ОІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері балабақшаның тәрбиешілерімен және ересек топтардың балаларының қатысуымен жол қозғалыс ережелері жөнінде сабақ өткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз