«Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі

284

0

«Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңіҚызылорда облысының білім басқармасы мен облыстық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығының ұйымдастыруымен №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім инновация» лицей-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. 
Байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері 8-11 сыныптар арасындағы оқушылардың гуманитарлық –эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқыр талантын, дарындылығын ашу, олардың әмбебаптық қабілеттеріне баса ден қою (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау, т.б.) шығармашылық қабілеттерін айқындау болып табылады. 
«Ақберен» республикалық олимпиадасы 6 номинацияны қамтыды: 
1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы. Оқушылар берілген тақырыптар бойынша өз ойларын жеткізіп, қазылар алқасы тарапынан қойылған қазақ елінің тарихы, мәдениеті, фольклоры туралы сұрақтарға жауап беру арқылы өз шешендіктерін көрсетті. 
2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша қатысушылар поэзия, проза, драмалық шығармалардан өзі таңдаған бір туындыдан үзінді оқыды.   
3. «Эссе жазу» номинациясында оқушылар өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жазды. Эссе тақырыптары сол жерде таңдалып, қатысушыларға жұмысты орындау үшін 120 минут уақыт берілді.
4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы. Оқушылар домбыра, жетіген, қобыз секілді ұлттық аспапта өзі дайындап әкелген бір шығарманы орындады. 
5. «Ақындар айтысы» номинациясында «Мәңгілік Ел-мұратым» тақырыбында айтыс өткізіп, оқушыларымыз ойының тапқырлығы мен сөз көркемдігі, орындаушылық шеберлігі және суырып салмалық қабілетімен дараланды. 
6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша қатысушылар өз жыр жинақтарын ұсына отырып, дайындап келген 1 өлеңін жатқа оқыды.  
Байқау нәтижесінде 6 номинация бойынша төмендегі оқушылар облыстық білім басқармасы басшысының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды. 
«Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша:
І орын. Назаров Сүйіндік, Шиелі ауданы, №47 мектеп;
ІІ орын. Әлмахан Ақсұңқар, Қызылорда қаласы, №11 мектеп;
ІІІ орын. Әмірғалиева Рауза, Сырдария ауданы, №129;
ІІІ орын. Жақсылық Ботагөз, Қызылорда қаласы, №10 БИЛ;
«Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша:
І орын. Амангелді Гүлбаршын, Қазалы ауданы, №249 мектеп;
ІІ орын. Сексенбаева Ардақ, Қармақшы ауданы, №109 мектеп;
ІІІ орын. Убайдулла Марал, Жаңақорған ауданы, №196 мектеп;
ІІІ орын. Әділ Абылайхан, Қызылорда қаласы, №176 мектеп;
«Эссе жазу» номинациясы бойынша:
І орын. Абдрахманова Айман, Қармақшы ауданы, №277 мектеп;
ІІ орын. Алдасберген Сәулет, Қазалы ауданы, №97 мектеп;
ІІ орын. Жұмажанова Дильназ, Қызылорда қаласы, №10БИЛ;
ІІІ орын. Айтбай Гүлжайна, Қызылорда қаласы, №4 ОДМИ;
ІІІ орын. Оңғарбаева Ұлман, Сырдария ауданы, №129 мектеп;
«Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша:
І орын. Амангелді Гауһар, Қазалы қаласы, Қорқыт Ата атындағы аудандық музыкалық мектебі;
ІІ орын. Баекеев Нұрсұлтан, Қармақшы ауданы, №277;
ІІІ орын. Тұяқбай Жансая, Жалағаш ауданы, №201 мектеп;
«Ақындар айтысы» номинациясы бойынша:
І орын. Шархан Мұхаммед-Қанапия, Қазалы ауданы, №98 мектеп;
«Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша:
І орын. Айтбаева Нұрай, Қармақшы қаласы, №26 мектеп;
ІІ орын. Ділдахмет Райымбек, Қызылорда қаласы, №217;
ІІІ орын. Қаһар Бақытжан, Қазалы ауданы, №95 мектеп;
2016-2017 оқу жылындағы «Ақберен» республикалық байқауының қорытынды кезеңі
2017 жылдың 25-27 сәуір аралығында Семей қаласында өткен «Ақберен» ІV республикалық байқауының қорытынды кезеңінде «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Қызылорда облысы, Қазалы ауданы №98 мектебінің 10 сынып оқушысы Шархан Мұхаммед-Қанапия ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. 
Және «Шешендік өнер» номинациясы бойынша Қызылорда облысы, Шиелі ауданы №47 мектебінің 10 сынып оқушысы Назаров Сүйіндік «Тіл білгірі» номинациясымен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз