Абылай хан өмірінен сыр шертті

46

0

Абылай хан өмірінен сыр шерттіБиыл ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен қатар қазақтын ұлы ханы Абылайдың туғанына 305 жыл толып отыр. Соның аясында қала орталығындағы №212 мектеп-гимназияда «Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы» атты оқушылар конференциясы өтті.
Елі мен жерін жау тұяғына бастырмаған ер жүрек қолбасшы Абылай ханның қазақ тарихындағы орны ерекше. Конференцияға қатысушылар мен қонақтар осы төңіректе ой қозғап, тарихи деректерден сыр шертті. Ал оқушылар оның өмірі мен ол билік құрған кезеңдердегі қазақ хандығы жөніңде баяндамалар оқып, тарих қаптарында алтын әріппен жазылған хан есімін жастарға кеңінен насихаттады. Мәселен, оның сыртқы және ішкі саясатпен байланысы, Қазақстан тарихындағы орны және арманы мен мақсат-мүддесі жөніңде тақырыптарды қозғап, хан тұлғасының беймәлім қырларын танытуға тырысты. Мұнан соң, көрермендер алдында хан бейнесі сомдалып, сахналық көріністер қойылды.
Шара соңында Қорқыт ата атындағы ҚМУ оқытушысы, тарих ғылымының кандидаты А.Оразбақов бұл Абылай ханның ер жүрек қолбасшы болғандығын көрсету арқылы, өскелен ұрпақты өз елінің патриоты болуға үндейтін және тәуелсіздік күні қарсаңындағы мазмұнды шара болғандығын атап өтіп, бірқатар мектеп оқушыларына «Алғыс хаттар» табыс етті. 
Н.ҚАЗБЕКОВ.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз