Абыройлы міндет

64

0

Абыройлы міндетМемлекет
басшысының «Ұлт жоспары – Қазақстанды арманға бастайтын жол» атты
мақаласынан қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі
бастау алғандығын сезіндік. Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым
бағыттардың бірі — елімізде мемлекеттік қызметшінің оң беделін
қалыптастыру және нығайту болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер бұқара халық пен биліктің арасын жалғайтын алтын көпір десек те болады. Тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімі жоғалмай, ал мемлекеттік қызметшілер халық алдындағы жауапкершіліктен шыға білген кезде ғана екі арадағы көпірдің баршаға тиімді болатыны, елдің әлеуметтік- экономикалық дамуы алға жылжитыны ақиқат. Біз осы жолда аянбай тер төгіп келеміз. Президент заман талабына сай мемлекеттік қызмет саласын реформалау бойынша жаңа міндеттер қойды. Ағымдағы позициялылықтан мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу қажет. Әрбір басшы төменнен бастап барлық басқару сатыларынан өтуі тиіс. Мемлекеттік қызметшілерге, олардың басқару үдерісіне қосқан үлесінің нәтижелілігі бойынша еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу қажет. Мемлекеттік қызметке қабылдау үшін біліктілік талаптары қатаңдатылуы тиіс. Барлық деңгейлердегі мемлекеттік қызметшілерді толық аттестациялаудан өткізу қажет.
Елбасы Н.Назарбаев: «Мемлекеттік қызметке біз жұмыс істеу үшін шақырамыз. Себебі, халқымыз бізді өзіне жұмыс істеу үшін жалдайды. Сондықтан, біз өзіміздің халықтың қызметшісі екенімізді ұмытпайық»,-деп атап көрсетті. Халыққа қызмет көрсетіп, халықтың қызметшісі атану – абыройлы міндет. Ұлт жос¬пары Бес реформа мен 100 нақты қадамның мемлекеттік қызмет тақырыбынан басталуының өзі мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершіліктің артқанын білдіреді. Ендігі жерде мемлекеттік қызметкерлердің өзіне жүктелген міндеті айқын. Ұлт мүддесіне сай жұмыс істеуде жауапкершілігі жоғары болатыны сөзсіз.

Ерлан ӘБІЛДАЕВ.
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз