«Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан республикалық ашық турнир өтеді

36

0

«Абзал и К» жүлдесі үшін дзюдодан республикалық ашық турнир өтеді24-25 наурыз күндері Сырдария ауданы Нағи Ілиясов
ауылында дзюдодан «Абзал и К» жүлдесі үшін 2001-2002 жылдары туылған
жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында республикалық ашық турнир
басталады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының
баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл 6-шы мәрте
ұйымдастырылатын турнирге еліміздің барлық өңірлерінен және Өзбекстан,
Қырғызстан мемлекеттерінен 500-ге жуық спортшы 17 салмақ дәрежесінде
жүлделерді сарапқа салады.

Мақсаты – Елбасының Жолдауынан туындайтын
іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында бұқаралық спортпен шұғылдынушылар
санын арттыру, жастар арасында дзюдоны кеңінен насихаттау, жастарды
спортпен шұғылдануға тарту арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді
қалыптастыру.

Жеңімпаз және жүлдегер спортшылар «Абзал и К» толық серіктестігінің медаль, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз