АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

112

0

Елбасы тапсырмасына орай, елімізде қоғам мүше¬лерінің денсаулығы үнемі басты назарда. Бұған дәлел ретінде соңғы жылдары әрбір елді мекенде емхана мен аурухана салу жұмыстарының қарқынды жүргізілгендігін айтсақ та жеткілікті. Шалғайдағы елді мекендердің өзін¬де медициналық пункттер іске қосылып, ауылдағы ағайынның өз денсаулықтарын жіті қадағалауға мүмкін¬діктер молайды. Биылғы жылдың басты жаңалығы – міндетті медициналық сақтандыру шарасының қолға алынуы екендігі жұртшылыққа белгілі. 
Иә, міндетті медициналық сақтандыру медициналық жәрдемнің сапасын бақылауды қарастырады, оның мақсаты – міндетті медициналық сақтандырудың база¬лық бағдарламасымен және медициналық жәрдемнің қолданыстағы стандарттарымен кепілденген көлемде, сапада және шарттарда медициналық жәрдем алуға азаматтардың (сақтандырылған) құқықтарын қамтамасыз ету екендігі түсінікті. Ол ең алдымен адамның өз денсаулығына жауапкершілігін арттырады. Мұның бас¬ты маңыздылығы да сонда. Сонымен қатар, сақтандыру қорына жарна төлеу арқылы азаматтар қалаған аурухана мен емханадағы дәрігеріне барып, емделуге мүміндік алады. Міне, осы мәселелер бойынша апта бойы Шиелі ауданында түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізілді. Аудандағы 22 ауылдық округтің барлығын арнайы ақпараттық топ мүшелері аралап, міндетті медициналық сақтандырудың мәнін түсіндіріп, тұрғындардың сауалдарына жауаптар берілді.
Осы аптаның сейсенбісі күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жақсылық Абдусаметов аудан орталығы – Шиелі кентінде қорытынды жиын өткізді. Басқарма басшысының орынбасары қазіргі қойылып отырған талаптың маңыздылығын тағы да жеткізіп, қоғамымыздың әрбір азаматының бұл мәселеге сергек қарауын ұсынды. 
Шиелі аудандық ауруханасының бас дәрігері Яхия Шорабаев өз сөзінде бұл тұрғыдағы атқарылған шара¬лардың қанағаттанарлық екендігін алға тартса, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұржан Жақыпов, №48 мектеп директоры Болат Сейілханов,  № 45 мектеп директоры Айнұр Архабаева өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз