Адам құқығы – басты құндылық

304

0

Құқықтық мемлекет құрудағы  бірінші қадам – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Өз құқын оны заңды білген адам ғана қорғай алады. Еліміздің Ата заңында адамның құқықтары мен бостандығы – ең басты құндылық ретінде белгіленген. 

Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округінде облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Заңгер маман кеңес береді» атты тұрғындарға жеке кеңес беру шарасы және «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. 

«Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық-насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы қызметін жүзеге асыру аясында кездесу, кеңес беру шаралары өткізілді. Шараның мақсаты – кеңес алуға алдын-ала тіркелген ауыл тұрғындарына заңгер мамандар мен құқық қорғау органы қызметкерлерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сұрақтарына жауап беріп, еркін пікір алмасу өрбіді. Сонымен бірге  терроризмнің алдын алудың маңыздылығы тұрғындарға түсіндірілді.

Кездесу соңында қатысушыларға үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе дайындалған құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы таратпа материалдар ұсынылды.

     

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз