«Агробизнес-2020»  ауылдағы шаруаларға көмектеседі

52

0

Арал. Ауданда «Агробизнес-2020»  бағдарламасына сәйкес алдағы жылдарда мал басын көбейтуге назар аударылатын болады. Төрт түлік түрлері ауылдық жердегі шаруаларға беріледі.
 Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, 2014 -2016 жылдары кент, ауылдық округтердің берген мәліметі бойынша 2014 жылы 5500 бас, 2015 жылы 6500 бас, 2016 жылы 7450 бас, барлығы 3 жылда 19450 бас уақ мал сатып алынып, 20,4 пайызға өсіру жоспарлануда. 2014-2016 жылдары 3560 бас жылқы малын сатып алып, 18,7 пайызға өсіру межеленді.Мүйізді ірі қара малынан аудандағы асыл тұқымды шаруашылықтар мен «Сыбаға» бағдарламасы аясында мал алған шаруашылықтар өз қаржыларына асыл тұқымды 45 бас бұқашық пен қашар әкелуді жоспарлап отыр. Аудандағы түйе малының облыс бойынша 60 пайызы Арал ауданының үлесінде. Мүйізді ірі қара мен түйенің басын 2014-2016 жылдары өз төлі есебінен 15 пайызға көбейеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз