Агроөнеркәсіп мамандары білімін толықтырды

92

0

Қызылорда. Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында былтыр ашылған «Қызылорда» білім тарату орталығы мамандардың білімін жетілдіруде тиімділігін дәлелдеп келеді.
Үстіміздегі жылы орталықта 11 семинар өткізілді. Онда 304 маман біліктілігін көтерді. Былтыр 7 семинар өткізіліп, онда 189 маман білімін толықтырған еді. Білім тарату орталығы агроөнеркәсіп саласы қызметкерлері мен фермерлерге оқытушылық және тәжірибелік білім беру іс-шаралары арқылы білімдерін, тәсілдері мен технологияларды жетілдіруге көмектесіп, сол арқылы өндіріс тиімділігін арттыруға және шаруашылық жүргізуші нысандардың табыстарын молайтуға арналған жаңа құрылым саналады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз