Аида Оңдаш ел чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

50

0

Аида Оңдаш ел чемпионатының күміс жүлдесін иелендіЖақында Павлодар қаласында 1997-1998 және 1999-2000 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 1997-98 жылдары туылған қыздар арасында сынға түскен жерлесіміз Аида Оңдаш 81 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жылдың басында ол Сербияның Суботица қаласында өткен IV Ұлттар кубогы жолындағы турнирде жеңімпаз атанған болатын.

Бокстан спорт шеберлігіне кандидат, Қазалы ауданы Бозкөл ауылының тумасы Аиданы түрлі жарыстарға дайындап, шеберлігін шыңдап жүрген жаттықтырушысы – Бахытбек Құлбаев.

Боксшы қыз алдағы мамыр айында Тайпейде болатын Әлем чемпионатына қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз