Академиктің 70 жылдығына арналған конференция

45

0

Академиктің 70 жылдығына арналған конференция Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ҚР ҰҒА академигі, мемлекет және қоғам қайраткері У.Бишімбаевтың 70 жылдығына орай «Қызылорда облысының индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы: жаңа ұстанымдар және тенденциялар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық мәжілісі өтті. 
Оған Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдарының докторы Қырымбек Көшербаев, ҚР ҰҒА академигі Уәлихан Бишімбаев қатысты. Пленарлық мәжілісті университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов ашып, ғылыми шараның маңыздылығына тоқталды. 
Уәлихан Бишімбаев – Қызылорда облысының Құрметті азаматы. Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР білім, ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қызылорда облысының білім беру саласының дамуына зор еңбек сіңірген қайраткер.
Ғылыми конференция барысында еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары баяндамалар жасады. Конференция ұсынымдары қабылданып, пленарлық мәжіліс салалық бағыттар бойынша секциялар жұмысына жалғасты. 
Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің баспасөз орталығы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз