Академиялық театр ауылдағы көрерменмен жүздесті

49

0

Академиялық театр ауылдағы көрерменмен жүздестіКСРО және Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбира Майқанова Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылында дүние келген. Атақты өнер иесі қызмет еткен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрының ұжымы сол ауылда өз өнерлерін көрсетіп, халықпен дидарласып қайтты.
Жергілікті жұртшылықпен жүздесу барысында Тұңғышбай Жаманқұлов, Ғазиза Әбдінәбиева, Еркін Жуасбек және өзге де артистер Сәбира Майқанова жайында тағылымды естеліктер айтты. Өнерпаз тұлғаның қазақ өнеріндегі орны ерекше екеніне тоқталды. Сәбира Майқанова есімі — театр өнеріндегі қайталанбас есімдердің бірі. Ол кісі сан қырлы дарыны арқасында әртүрлі жанрда жарқырап көрінді. Әсіресе, әйел – ана рөлдерін жан жүрегімен беріле, айырықша шынайылықпен ойнады. С.Майқанованың өмірге келгеніне үстіміздегі жылы 100 жыл толады. Бірегей талант иесінің мерейтойы жыл басынан бері еліміздің жер-жерінде аталып өтуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз