Қала басшысы үздік түлектермен жүздесті

44

0

Қала басшысы үздік түлектермен жүздестіТәуелсіз еліміздің астанасы, еліміздің бас қаласы – Астана күні қарсаңында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім бәсекесінде оза шауып, көш бастаған қаладағы «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерімен кездесіп, оларға игі тілегін жеткізді.
Өз кезегінде жастар атынан облыс бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен (122 балл) «Алтын белгі» иегері, № 11 мектеп түлегі Жансая Жеткергенова мен  № 2 «Мұрагер» мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Махсұт Асылхан сөз сөйлеп, өздері таңдаған білім ордасында білімдерін алып келгеннен кейін туған жерге келіп, қызмет ететіндіктерін жеткізді.   Айта кету керек, биыл қаламызда мектеп бітірген 1969 түлектің 39-ы «Алтын белгі», 23-і «Үздік аттестат» иегері атанды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз