Қала бюджеті 3 жылда екі есеге артқан

45

0

Қала бюджеті 3 жылда екі есеге артқанҚызылорда қалалық әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихат
депутаттарының кезектен тыс VІ сессиясы өтті, – деп хабарлады «Қоғам»
телеарнасы.
    Сессия барысында күн тәртібіндегі негізгі екі мәселе қаралды.
2016-2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы қалалық экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Роза Талғатқызы
хабарлама жасады. Ол қала бюджетінің кірісін, облыстық және
республикалық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы даму трансферттерін
кредит есебінен бөлінетін қаржыны ұлғайту жоспарда екендігін жеткізді.
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бюджетті тиімді жоспарлап, жұмсаудың
арқасында қала көркіне сән берген нысандар мен ғимараттардың көптеп бой
көтеріп жатқанын айтты.
    Қала бюджеті 3 жылда екі есеге артқан. Сондай-ақ шаһар басшысы
халық қалауларына әлемдегі, еліміздегі қолайсыз жағдайды ескеріп,
жастармен түрлі кездесулер ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуді
тапсырды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз