Қала әкімі өткен жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттады

116

0

Қала әкімі өткен жылды қорытындылап, үздіктерді марапаттадыҚала орталығында орналасқан, өнердің киелі ордасы А.Тоқмағанбетов
атындағы мәдениет үйінде 2014 жылды қорытындылауға арналған «Жаңа жыл
жетістік жауһары» атты қала әкімінің салтанатты мерекелік шарасы
ұйымдастырылды.Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шарада қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев
барша қала жұртшылығын алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап,
өтіп бара жатқан 2014 жылы еңсерген елеулі еңбектер мен жетістіктерге
тоқталып; «Келер жылы біз, бүгінгідей кең-байтақ жерімізді ұрпаққа мұра
етіп қалдырған, батыр бабаларымыздың аңызға берік ерліктерін әлемге паш
ету мақсатында Қазақ хандығының 550 жылдығын, еліміздегі бейбітшілік пен
берекелі тату тірліктің ұйытқысына айналған Қазақстан халқы
Ассамблеясының, елдігіміз бен теңдігіміздің кепілі Конституциямыздың 20
жылдығын, аталарымыз бен аналарымыздың айбынды ерлігінің жемісі – Ұлы
Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Осынау тарихи мәні зор мерекелер Қазақстан елінің
еңсесін тіктеп, өткені мен бүгінін бағамдай алатын, түбінің тектілігі
мен өрге ұмтылған өрен ел екенімізді дәлелдей түсетін құнды шаралар.

«Ырыс алды – ынтымақ» деген халық даналығы. Қаламыздың ортақ
мұрат-мақсаты жолында ынтымағымыз бен бірлігіміздің арқасында алар
асуымыз биік болсын», – деген ыстық ықыласын жеткізді.

Салтанатты жиында қаланың әлеуметтік
экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін, экономика ғылымдарының
докторы. «Құрмет» орденінің иегері, Сенатының депутаты Досмамбетов
Бақберген Сәрсенұлына, «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің бас директоры, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы»
белгісінің, Құрмет орденінің иегері Мыханов Бердібек Сартайұлына,
«Қансонар аңшылық шаруашылық қауымдастығы» республикалық қоғамдық
бірлестігінің Қызылорда облыстық өкілдігінің төрағасы Төребаев Шакизат
Хамитұлына «Қызылорда қаласының құрметті азаматы» атағы табысталды.

Келесі ретте, 2014 жылы еңбегімен еленіп жүрген түрлі сала бойынша
жыл үздіктерінен 10 адам арнайы аталымдармен марапатталса, 10 үздік
ұстазға 150 мың теңгеден, ал 10 адамға Қызылорда қаласы жастарына
арналған 100 мың теңге сыйақы және «Самғау» жастар сыйлығы тапсырылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз