Қала әкімі журналистерді құттықтады

47

0

Қала әкімі журналистерді құттықтадыКеше Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев «Байланыс және ақпарат
қызметкерлері күні» мерекесіне орай жергілікті және республикалық БАҚ
өкілдерін құттықтады.
    «Сіздер ең басты байлығымыз – тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін
еңбек етудесіздер. Әрбір еңбектеріңіз адамдарды жақсылық жасауға, жарық
әлемді нұрландыруға жетелесін! Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай
отырып, қаламдарыңызға қуат, өздеріңізге мықты денсаулық,
шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін» – деп қала әкімі Н .Нәлібаев
журналистер қауымына деген жүрек жарды тілектерін жеткізді.
    Шара барысында бірқатар журналистер қала әкімінің құрмет грамотасы,
арнайы дипломдары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз