Қала әкімі жылу жүйесінің жұмысымен танысты

59

0

Қала әкімі жылу жүйесінің жұмысымен таныстыҚызылорда. Облыс орталығында жылу беру мекемелері барлық нысандарын жылумен толықтай қамтып отыр. Аталған мекемелер негізінен 700-ден астам әлеуметтік нысанды жылумен қамтамасыз етеді. 
Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қаладағы әлеуметтік нысандардағы жылу жүйесінің жұмысымен танысты. Атап айтқанда, Ғ. Мүсірепов көшесі № 20 үй, № 171 орта мектеп пен А. Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйіне жылу жүйелі беріліп тұр. Көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындарымен кездескен қала басшысы жылу орталықтары жылуды үйдің өжіресіне дейін жеткізетіндігін, әрі қарай жылудың пәтерге дейін жеткізілуі пәтер иелері кооперативі арқылы тұрғындардың міндетіне жататындығын айтты. Дегенмен де осы жылы мәселе туындау қауіпі бар көпқабатты тұрғын үйлердің тізімі жасалып, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының көмегімен 80 тұрғын үй өжірелерінің тозығы жеткен инженерлік жүйелері жөнделген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз