Қала жастары велошеру ұйымдастырды

34

0

Қала жастары велошеру ұйымдастырдыҚазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толуына орай қала жастарының қатысуымен велошеру ұйымдастырылды.
«Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ұйымдастыруымен өткізілген велошеру Тұңғыш Президент саябағынан бастау
алып, Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионға дейін келді. Ғ.Мұратбаев
атындағы орталық стадионда қаламыздың шығармашыл жастары өз өнерлерін
көрсетті. Велошеру арқылы Сыр елінің жастары еліміздің Конституциясын
ерекше құрметтейтінін білдіріп, барша халықты соған шақырды.
Велошеруге қаламыздағы ерікті жастар, жастар ұйымдары және спорт мектебінің велошабандоздары қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз