
Ағымдағы жылы қала ішінде 57,2 шақырымды құрайтын 31 көше, ауылдарда 11,2 шақырымды құрайтын 9 көше түнгі жарықпен қамтамасыз етіледі (Ақжарма, Ақсуат, Қарауылтөбе, Қызылөзек, Қосшыңырау).
Көпқабатты тұрғын үйлердің 25 аулаішілік жолдары мен автотұрақтары, ұзындығы 11,9 шақырымды құрайтын 12 көшенің жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде.
Сондай-ақ, қала ішінде 32, Тасбөгет кенті мен Ақсуат, Қарауылтөбе, Ақжарма, Қызылжарма ауылдық округтерінде 5 аула және балалар ойын-спорт алаңдары салынуда.
Бұл жұмыстарға облыстық және қалалық бюджеттерден 1 млрд. 752 млн.теңге қаржы бөлінді.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін термопластикалық жол сызбалары сызылып, 107 автобус аялдамасы белгілері орнатылды. Қосымша жыл ішінде 52 аялдама, 46 билборд қондырғысы орнатылады.