Қалалық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумы өтті

78

0

Қалалық ардагерлер кеңесінің кезектен тыс пленумы өттіКеше қала әкімі Н.Нәлібаевтың және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Шаухамановтың қатысуымен қалалық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Пленум жұмысына қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, тексеру комиссиясының мүшелері, Қызылорда қаласының құрметті ардагерлері қатысты.
Пленум жұмысы барысында, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманкелді Әбдібаевтың атқарып отырған қызметінен кету туралы өтініші қанағаттандырылды.
Қала әкімі Н.Нәлібаев, Амангелді Әбдібайұлының өңіріміздің мәдени-рухани, қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан сүбелі үлесі және өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай өнегелі өмір жолы мен зор еңбегі үшін алғысын білдіріп Қызылорда қаласының «Құрмет грамотасымен» марапаттады.
Қызылорда қаласы ардагерлер кеңесінің төрағалығына қалалық Кеңес мүшесі Әбішев Сайлаубай Әбішұлының кандидатурасы ұсынылып, кеңес мүшелері тарапынан бір ауыздан қолдау тауып, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы және алқа мүшесі болып сайланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз